Келесі жылы Түркістан қаласы түркітілдес елдердің туристік астанасы болуы мүмкін. Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев мәлім етті.
«Түркістан - еліміздегі туристік қарқыны жоғары өңірлердің бірі. Қаланың инфрақұрылымы жыл санап дамып келе жатыр. Түркістанға көліктің барлық түрі барады. Бүгінде аталған қалада республикалық және халықаралық айтулы іс-шаралар өтіп жатыр. Әзербайжанда өткен түркітілдес елдердің туризмге жауапты министрлерінің кездесуінде Қазақстан 2023 жылы Түркістан қаласын түркітілдес елдердің туристік астанасы етіп жариялауды ұсынды. Биыл түркітілдес елдердің туристік астанасы – Баку», - деді Ержан Еркінбаев тілшілердің сұрағына жауап беріп.
Вице-министрдің айтуынша, биыл Түркістанға туристерді тарту мақсатында бірқатар ауқымды шаралар өткелі отыр. «Жыл соңына дейін жоспарланып отырған іс-шаралардың форматы әртүрлі. Оның ішінде мәдени, туристік, спорттық, ойын-сауықтар, тағы сол сияқтылар бар», - дейді ол.
Бұған дейін елордада туристерге арналған жаңа жобаның қолға алынғаны туралы хабарлаған едік.
«Neo Nomad 2022» акциясына қатысушы турист бір жылдың ішінде еліміздің 20 аймағына барып, арнайы қойылған жиектеменің (рамка) алдында суретке түсуі тиіс. Осылайша 20 фотосурет жинаған туристке «Заманауи көшпенді» мәртебесі беріліп, естелік сыйлық табыс етіледі.
2023 жылы Түркістанды түркітілдес елдердің туристік астанасы ету ұсынылды
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
13.07.2022
Russian Film Festival аясында ресейлік танымал сериалдар мен фильмдер қазақ тіліне аударылып, IVI онлайн-кинотеатры платформасында қолжетімді болады
13.07.2022
В Акмолинской области с начала года создано порядка 12 тысяч новых рабочих мест
13.07.2022
Нурлана Масимова задержали при попытке бегства в Россию
13.07.2022