АҚШ Қазақстанды санкцияланған тауарларды тасымалдаушы елдер тізіміне қосты
Толық тізім АҚШ Қаржы министрлігінің екі бөлімшесінің – Қаржылық қылмысқа қарсы күрес желісі (FinCEN) және Өнеркәсіп және қауіпсіздік бюросының (BIS) ұсыныстарында берілген. Олар қаржы институттарын Ресейдің Украинадағы әскери әрекеттеріне байланысты «жеке немесе заңды тұлғалардың экспорттық бақылаудан жалтару әрекеттерінен сақ болуға» шақырады.
Ресейге санкцияланған тауарларды жөнелтуде Грузия, Армения, Бразилия, Қытай, Үндістан, Израиль, Қазақстан, Мексика, Никарагуа, Сербия, Сингапур, Оңтүстік Африка, Тайвань, Тәжікстан, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері және Өзбекстан елдері «жүк тиеу пункттеріне айналды» делініп отыр.
Сонымен бірге, бақылауға жататын тауарлардың аталған мемлекеттерге заңды түрде шикізат ретінде экспортталуы мүмкін екені, бірақ кей жағдайда оларды одан ары Ресей Федерациясына немесе Беларуське «қосымша тиеу пункттері есебінен» экспорттауға тыйым салынғаны атап өтілген.
Өнеркәсіп және қауіпсіздік бюросы әскери мақсатта пайдаланылуы мүмкін әрі ерекше алаңдаушылық тудыратын заттарды санатына: ұшақ бөлшектерін, дыбыстық жүйелерді, антенналарды, спектрофотометрлерді, сынақ жабдықтарын, GPS жүйелерін, вакуумдық сорғыларды, мұнай кәсіпшілік жабдықтарын жатқызады.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.