Хромтауда әйел көлігімен жаяу жүргіншіні қағып өлтіріп, қашып кеткен
«Мой город» порталының жазуынша, полицейлер кінәлі жүргізушіні көлік шамы мен бамперінің сынықтары арқылы тауып алған.
Қайғылы оқиға 9 шілдеде түнде болған. 26 жастағы жігітті қағып кеткен көлік жүргізушісі қашып кеткен. Тәртіп сақшылары оқиға орнынан табылған сынықтар бойынша көліктің маркасын анықтады.
«Daewoo Matiz жүргізушісі, 37 жастағы әйелдің жеке тұлғасы анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Әйел жол-көлік оқиғасынан кейін қорқып, оқиға орнынан қашып кеткенін айтты», - деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.