ҚР Үкіметінің қаулысымен Ержан Ерікұлы Біржанов Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Үкіметтің ресми сайтында жарияланған мәліметке сүйенсек, Ержан Біржанов 1979 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Білімі:

Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Солтүстік Қазақстан заң академиясын, М. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетін, Бизнес және халықаралық зерттеулер университетін (Швейцария) бітірген.

Еңбек жолы:

Еңбек жолын 1999 жылы СҚО бойынша Салық комитетінің жергілікті салықтар секторының аға салық инспекторы болып бастады.

1999-2004 жылдары СҚО бойынша Салық комитетінде жұмыс істеді.

2004-2014 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің құрылымында басшылық лауазымдарды атқарды.

2014 жылғы наурыз-қараша аралығында – ҚР Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сарапшысы.

2014-2017 жылдары – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Даму және жаңғырту департаментінің директоры.

2017 жылы «Казимпэкс» республикалық орталығы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2017-2021 жылдары ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет етті.

2021 жылғы наурыздан бастап ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болды.