Альпі тауларында мұздықтар опырылып, 15 адам із-түзсіз кетті

Поделиться:
Доломит Альпілерінде мұздықтардың еруінен қаза тапқандар саны алты адамға жетті, деп хабарлайды Euronews ақпарат агенттігі. .

9 адам зардап шекті. Жоғалған 15 адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. 3500 метр биіктікте құтқару жұмысы жүріп жатыр. Қайғылы оқиға Тренто провинциясында, Апеннин түбегінің ең үлкен мұздығы Мармоладада болған.

Екі топ альпинист тау басына көтеріліп жатқан кезде мұз, қар және тастың алып бөлігі 300 км/сағ жылдамдықпен опырылып құлаған.

Италиялық БАҚ хабарлауынша, олардың арасында шетелдіктер де болуы мүмкін. Премьер-министр Марио Драги қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.

Мұз массасының опырылуы мұздықтың жоғарғы жағында Цельсий бойынша +10 градус температура рекорды тіркелгеннен кейін келесі күні орын алды.

Құтқарушылар жаңа құлау қаупі бар екенін ескертіп отыр. Экологтардың айтуынша, соңғы жиырма жылда мұздықтың ауданы үштен бірге қысқарған.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также