Қапшағайда үш ер адам суға батып кете жаздады
№6 қалалық жағажайда сағат 18:55-те патрульдеу кезінде құтқарушылар 1997 жылғы ер адамның резеңке матраспен жағадан тым алшақтап кеткенін байқады. Оны жел 250 метр қашықтыққа алып кеткен. Құтқарушылар ер адамды жағажайға аман-есен эвакуациялады.
Сол секілді №7 қалалық жағажайда жағадан 400 метр қашықтықта да мамандар шағын құтқару операциясын жүргізуге мәжбүр болды.
Судағы адамдардың бірінің аяғы тартылса, екіншісі өз күшін есептемей, жағадан тым алшақтап, су ортасына келгенде бата бастаған. Екеуі де құтқарылып, жағаға жеткізілді. Бақытымызға орай, олар медициналық көмекті қажет етпеді.
Құтқарушылар оларға судағы қауіпсіздік ережелері мен құтқару кеудешесінсіз суда болудың салдары туралы еске салды.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.