Оралда егде жастағы әйел автобустан валидатор ұрлап кеткен. Автопарк әкімшілігі одан техниканы қайтарып беруін сұрайды, деп хабарлайды «Мой город» порталы.
Аталған оқиға 29 маусым күні сағат 14:30 шамасында No22 «Медициналық колледж» бағытының аялдамасында болған.
«Батыс Қазақстан» автобус паркі бас директорының орынбасары Данияр Мұхтаровтың айтуынша, кондуктор төлем жасауға арналған валидаторды жолаушылар орындығының үстіне қалдырып кеткен. Оны көрген жолаушы сол орындыққа ауысып, пакеті мен сөмкесін үстінен жауып, валидаторды алып кеткен. Ұрлық болған сәт автобус салонындағы бақылау камерасына түсіп қалған.
«Әйелдің егде жаста екені көрініп тұр, тіпті осыны айтудың өзі ыңғайсыз екен. Бірақ біз оның валидаторды қайтаруын өтініп сұраймыз, әйтпеген жағдайда құқық қорғау органдарына хабарласуға мәжбүр боламыз. Әйел оны автопарктің кез келген жүргізушісі немесе кондукторы арқылы бере алады. Ол телефон немесе планшет емес, валидатор. Оны пайдаланып кете алмайды, өйткені тек жол жүру ақысын төлеуге арналған. Мүмкін, ол кісі телефон деп ойлап алып кеткен шығар», – дейді Данияр Мұхтаров.
Егер валидатор табылмаған жағдайда, келтірілген шығынды №22 маршруттың кондукторы өтейді. Айта кетсек, аталған техниканың құны – 160 мың теңге.
Оралда егде жастағы әйел автобустан валидатор ұрлап кеткен
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
01.07.2022
Необходимости масочного режима пока нет, – глава Минздрава о росте больных COVID-19
01.07.2022
График работы ЦОНов изменили в Казахстане
01.07.2022
Рассылка о выплате в 72 тысячи тенге - фейк. НИКОМУ НЕ СООБЩАЙТЕ ДАННЫЕ СВОИХ БАНКОВСКИХ КАРТ
01.07.2022