Солтүстік Қазақстанда ер адам жанжал кезінде әйелін, кейін өзін атып өлтірді
Трагедия Айыртау ауданындағы Лобаново ауылында 27 маусым күні таңғы сағат 5-те болған. Оқиға туралы полицияға сол кезде үйде болған марқұмдардың балалары хабарлаған.
"Жедел тергеу тобы үйден зорлық-зомбылық белгілері бар 33 жастағы әйел мен 36 жастағы ер адамның мәйітін тапты. Оқиға орнынан аңшы қаруы тәркіленді", - деп хабарлады прокуратура.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының екінші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жетім қалған кәмелетке толмаған үш бала Айыртау ауданы Саумалкөл ауылындағы қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына орналастырылды.
Оқиғаның негізгі нұсқаларының бірі бойынша 36 жастағы ауыл тұрғыны жанжал кезінде әйелін ауыр жаралап, өзін атып тастаған. Дегенмен соңғы қорытынды тергеу нәтижесі бойынша шығарылады.
Қажетті сот-медициналық сараптамалар кешені тағайындалды. Істің барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізілуде.
Тергеу барысы облыс прокуратурасының бақылауында болады.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.