Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев ет бағасына қатысты түсініктеме берді.
Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін журналистер министрден Қазақстанда неге ет қымбаттап жатқанын сұрады. Қарашөкеевтің айтуынша, министрлік ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер деңгейінде ет бағасын бақылап отыр.
"Кеше баға түсіп жатыр деп айтты. Көтерме баға өсіп жатқан жоқ. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер бойынша қатты өсім байқалмайды, біз бағаны ұстап тұрмыз", - деді ол.
Министр қазір басқа мәселенің шеті шығып тұрғанын айтты: мал өсірушілер етті сатып алу бағасының төмен екеніне шағымдануда.
"Кеше тыңдау өтті, депутаттар осы мәселені қозғады. Мал өсірушілер еттің сатып алу бағасы тым төмен екеніне наразы. Сол үшін бізге жаңа нарық ашып, фермерлерге қолдау көрсетуіміз қажет", - деді Қарашөкеев.
Оның айтуынша, қазір Қазақстан өзін етпен толығымен қамтамасыз етеді.
"Баға деген үнемі өседі, бірақ қатты өсім жоқ", - деді ауыл шаруашылығы министрі.
Ет неге қымбаттап жатыр – министр жауабы
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
30.06.2022
"Оператор РОП-тың" экс-құрылтайшысына іздеу жарияланды
30.06.2022
6 айда жол апатынан 700 адам қаза тапқан
30.06.2022
Министрлер депутаттар арқылы «жанып тұрған» проблемаларын шешіп қалғысы келеді – Ерлан Қошанов
30.06.2022