«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының акциялары биржада сатылады
«Самұрық-Қазына» АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, Қордың Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев V Astana Finance Days конференциясы аясында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның IPO-сы туралы хабарлады. Қор «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ IPO-ны Қазақстанның барлық тұрғынына қолжетімді етуді, сондай-ақ бөлшек және институционалдық инвесторлардың максималды санын қамтуды жоспарлап отыр.
«Халықты көбірек тарту үшін «Қазпоштаның», биржалардың және брокерлердің цифрлық инфрақұрылымын пайдалануды жоспарлап отырмыз. Мәселен, мобильді қосымшалар арқылы үйден шықпай-ақ акцияларды сатып алуға, ал шалғай өңірлер үшін «Қазпошта» бөлімшелерінің қызметтерін пайдалануға болады», - деді А. Сәтқалиев.
Айта кетсек, 27 маусымда өткен АХҚО Басқару кеңесінің отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қарапайым азаматтардың акцияларды сатып алып, инвестициядан дивиденд алу мүмкіндігі болуы керек екенін айтқан еді.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.