Жұмыс беруші анықтамасында «жұмыс істеуге қабілетсіз» деген жазуы бар, 2-топтағы мүгедекті еден жуушы етіп жұмысқа алуына құқығы бар ма? Осындай сауал электронды үкімет сайтында қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі республиканың еңбек заңнамасы мүгедектердің денсаулығына байланысты жұмыс істеуге қарсы көрсетілім болмаса, олардың еңбек ету құқығын реттейтінін айтты.
Медициналық қорытынды негізінде адамға денсаулығына байланысты қарсы көрсетілімдегі жұмыстарды орындауға еңбек шартын жасасуға жол берілмейді.
Бұл ретте Еңбек министрлігі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңға сәйкес еңбек шартын жасасудан бас тарту немесе қызметте жоғарылату, жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыстан босату, басқа лауазымға ауыстыру мүгедектік белгісі бойынша мүгедекті оның келісімінсіз басқа жұмысқа жіберуге жол берілмейді.
Өз кезегінде, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексте барлық азамат жұмысқа немесе оқуға түсуге өтініш берген кезде денсаулық жағдайын анықтау және мемлекеттік органдардағы қызметтік міндеттерін орындауға жарамдылығын анықтау, сонымен қатар жалпы кәсіптік және жұқпалы және паразиттік аурулардың таралмауының алдын алу үшін алдын ала міндетті медициналық тексеруден өтуі көзделген.
Медициналық куәландыру нәтижесі бойынша қызметкердің денсаулығының жұмысқа сәйкестігі немесе сәйкес келмеуі және жұмысқа қарсы көрсеткіштердің болуы туралы қорытынды жасалады. Айта кету керек, қазір мүгедектігі болуы адамның еңбекке қабілеттілігінің немесе мүгедектігінің көрсеткіші болып есептелмейді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Басқармада айтылғандай, мүгедектерді жұмысқа орналастырудың негізгі факторлары – олардың біліктілігі, кәсіби құзыреттілігі, кәсіби міндеттерін орындауға медициналық қарсы көрсетілімдердің болмауы.
Осылайша мүгедектер мүгедектігі бар болуына қарамастан денсаулық сақтау ұйымдары мамандарының медициналық қорытындысы бойынша еңбек қызметінің түрі оларға қарсы көрсетілмесе, еңбек етуге құқылы.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылаймыз: жұмысқа орналасу кезінде жұмыс берушіге құжаттарды ұсыну қажет. Атап айтқанда, денсаулық жағдайы мен кәсіби жарамдылығының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес міндеттерін орындауға сәйкестігі туралы медициналық ұйымның қорытындысын көрсету қажет.
Анықтамада еңбекке жарамсыз деп жазылса, мүгедектігі бар адамды жұмысқа алуға бола ма
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
28.06.2022
Үкімет жұмысына халық пен БАҚ неге сын айтады?
28.06.2022
Еліміз 2023 жылға дейін толықтай цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшеді
28.06.2022
Қаржы министрі: Зейнет жасын қысқарту қаралып жатқан жоқ
28.06.2022