Оралда жол-көлік апаты салдарынан жасөспірім қаза тапты, деп хабарлайды «Мой город» порталы.
Батыс Қазақстан облыстық ПД мәліметінше, қайғылы оқиға 26 маусымда Шолохов пен Құрманғалиев көшелерінің қиылысында болған. Яғни, Toyota шағын автобусы тұрған Scooter (жүргізуші мен кәмелетке толмаған жолаушы болған) және ВАЗ-2110 көлігіне (жүргізуші мен үш жолаушы болған) соғылған.
«Жол апаты салдарынан бес адам ауруханаға жеткізілді. Скутердің жолаушысы, 17 жастағы жасөспірім жансақтау бөлімінде көз жұмды», - деп хабарлады полицейлер.
Скутер жүргізушісі көптеген жарақатпен ауруханаға жатқызылған.
«Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, шағын автобус жүргізушісі ішімдік ішпеген. Алдын ала болжам бойынша, шағын автобус жүргізушісі көлікті басқарып келе жатып ұялы телефонға қарап отырған», - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Тақырыпқа орай: Атырау облысында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза тапты
Қазіргі уақытта аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
Жүргізуші телефон қарап отырған: Оралда жасөспірім жол апатынан көз жұмды
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
27.06.2022
Павлодардағы жағажайда екі әйел жанжалдасып, біреуі пышақ жарақатын алды
27.06.2022
Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабадта Каспий маңы елдері басшыларының саммитіне қатысады
27.06.2022
Түркістан облысында суға батып кеткен екі шетелдік студент іздестіріліп жатыр
27.06.2022