Қарқаралыдағы өртті екі жүзден астам адам мен екі тікұшақ сөндіріп жатыр
Оқиға орнында Қарағанды облысы ТЖ департаментінің, өртке қарсы ерікті құралымдардың, жергілікті атқарушы органдардың, орман шаруашылығының, Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің, полицияның, «Алтай Полиметалы» ЖШС күштері мен құралдары жұмыс істеп жатыр, барлығы 233 адам және 45 бірлік техника жұмылдырылды.
ҚР ТЖМ өртті сөндіруге суағар құрылғысы бар 2 тікұшақ жұмылдырылғанын атап өтті. Барлығы 70 рет су шашылды.
Өрттің жалпы ауданы шамамен 1089 га болды. Таулы-жартасты жерлер, су қоймаларының алыстығы, қатты әрі ауыспалы жел өртті сөндіруге кедергі келтіріп жатыр. Су жеткізілді.
Ведомство өкілдері төтенше жағдай орнында жедел штаб жұмысы ұйымдастырылғанын мәлімдеді.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.