1 маусымда Қазақстанда шомылу маусымы басталды. Осыған орай Төтенше жағдайлар министрлігі брифингте қайғылы жағдайлар бойынша статистика ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Cудағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан адам өлімі фактілері тіркелді: 81 адам, оның ішінде 32 кәмелетке толмаған бала суға кетті.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Суға шомылу маусымы басталғаннан бері 36 адам суға кетті, оның ішінде 19-ы бала.
Министрлік өкілі атап өткендей, қаза болудың негізгі себептері: жабдықталмаған жерлерде шомылу және балаларды қараусыз қалдыру.
Қайтыс болғандар статистикасы мынандай:
су айдынына абайсызда құлау – 32 адам;
жүзе алмаудан – 18 адам;
мас күйінде шомылудан – 11 адам;
балық аулау кезінде ережелерді бұзудан – 10 адам;
өз күштерін жете бағаламаудан – 9 адам;
жүзу құралын дұрыс пайдаланбаудан – 1 адам.
Өзіңізді, жақындарыңызды және балаларыңызды қорғау үшін судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет:
балаларды су айдындарының жанында қараусыз қалдырмаңыз және ересектердің қарауынсыз шомылуға жол бермеңіз;
бейтаныс және шомылуға жабдықталмаған орындарда, сондай-ақ «Шомылуға тыйым салынады», «Сүңгуге тыйым салынады», «Қауіпті!» белгілері орнатылған жерлерде суға түспеңіз;
масаң күйде шомылмаңыз;
жүзудің шекарасын белгілейтін қалытқылардан (буйки) асып кетпеңіз;
шағын көлемді кемелерге және басқа да жүзу құралдарына жақын жүзіп бармаңыз;
тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгімеңіз;
жүзуге арналмаған заттармен жүзбеңіз;
қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, жартастардан, парапеттерден, қоршаулардан және басқа да заттардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секірмеңіз.
Шомылу маусымы басталғалы бері елімізде 19 бала суға кетті
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}