Атырауда үстіне ыстық сорпа төгіліп, ауруханаға жеткізілген бала көз жұмды
ATPress.kz басылымының мәліметінше, науқас 9 маусымда ауруханаға түсіп, 14 маусымда көз жұмды.
Күйік шалған аумақ 50-55% құрады. Баланың жағдайы өте ауыр болды. Біз Нұр-Сұлтанның мамандарымен үнемі байланыста болдық, қажетті ем жүргіздік. Баланы құтқару мүмкін болмады.
Травматология бөлімінің меңгерушісі Сергей Хван
Сондай-ақ, дәрігерлер 2021 жылмен салыстырғанда балалар арасында күйік алу 1,5 есеге артқанын атап өтті.
Жыл басынан бері Атырау облыстық балалар ауруханасына түрлі жағдайда күйік шалған 200-ге жуық бала келіп түскен.
Сонымен қатар, Атырау облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері күрделі науқастарды арнайы күйік орталығы орналасқан елордаға жолдай алмайтындықтарына алаңдаулы.
Біздің дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасайды, бірақ біздің бөлімде қажеттінің бәрі бірдей бола бермейді. Мұның барлығы науқастың жағдайының ауырлығына байланысты. Нұр-Сұлтандағы күйік орталығында жағдай жақсы, онда ауыр науқастармен жұмыс істеуге болады. Бұл проблема барлық өңірлерде бар, сондықтан оны министрлік деңгейінде шешу қажет.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.