Шымкентте үш баланың әкесі құтқарылды
Қалалық полицияның хабарлауынша, отбасылық жанжал туралы арыз түнде түскен.
Кезекші инспекторлар Оралбек Тәшімбетов пен Бақтияр Орынбаевты үй иесі күтіп алып, күйеуінің қораға қарай кеткенін көрсеткен. Оралбек оны іздеуге кетсе, серіктесі әйел мен үш кішкентай баланың жанында қалған.
Ведомствода атап өткендей, қорада полицей малды байлау үшін арқанға асылып тұрған үй иесін тауып алған.
Ер адамның тынысы тарылып кеткен. Полицей оны көтеріп, серіктесіне телефон соқты. Бақтияр жіпті пышақпен кесіп жіберген. Ер адамды жерге жатқызған полицейлер оған алғашқы медициналық көмек көрсете бастады, содан кейін ол есін жиды.
Медицина қызметкерлерінің айтуынша, "патрульшілер бірнеше секунд болса да кешігіп қалса, азаматты аман алып қалу мүмкін болмайтын еді".
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.