Президент Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды

Поделиться:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұмыт болғаны Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтару туралы бастама көтерді. Ал Тәуелсіздік күнін ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтуді ұсынды.

Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан, қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек.

Президент 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданғанын айта келе, «бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болғанын» атап өтті.

Осы құжатты қабылдаған кезде тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев аса маңызды, тіпті шешуші рөл атқарды, – деді президент.

Мемлекет басшысы Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек екенін айтты.

Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн мемлекеттік мереке болып қала береді. Бірақ, тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуі керек.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также