Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты үш баланың анасын өлтірген ер адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды жергілікті Оtyrar.kz порталы.
Сот материалдарына сәйкес, Сауран ауданының Қаражон ауылының тұрғындары - 41 жастағы ер адам мен 34 жастағы әйел бірге тұрған. Бірақ некені ресми түрде тіркеген жоқ. Келіншек бұрынғы күйеуінен үш бала туған.
Үшеуін де өзімен бірге алып кетті. Бір күні жаңадан қосылған серігі оны бұрынғы күйеуінен қызғанып, жанжал шығарған. Ашуға булыққан ер адам 16-калибрлік мылтығын алып шығып, әйелдің басынан атқан. Үш баланың анасы сол жерде көз жұмды.
Айыпталушы тергеу кезінде және сотта сүйіктісін өлтіруге ойы болмағанын қайта-қайта айтты. Ал мылтықпен тек қорқытамын деп ойлаған. Дегенмен, кәмелет жасқа толмаған үш бала анасыз қалды. Біреуі екі жаста болса, тағы екеуі 15 және 16-ға толды.
Соттың үкімімен Қаражон ауылының тұрғыны 18 жылға бас бостандығынан айырылды.
Ол өз жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары колонияда өтейді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Қаражон тұрғыны қызғаныштан үш баланың анасын атып тастады
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
15.06.2022
Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатына қатысатын барлық команда анықталды
15.06.2022
Мұраға қалған зейнетақы жинағы: оны жеке шотқа аударуға бола ма
15.06.2022
Павлодарда жолаушы таксидің алдыңғы әйнегін кірпішпен сындырды
15.06.2022