Президент Даниал Ахметовтің өкілеттігін бір жылға ұзартты

Поделиться:
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің өкілеттігі бір жылға ұзарды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Бүгін президенттің жарлығына сәйкес, Даниал Кенжетайұлы Ахметовтің мол тәжірибесі ескеріліп, оның қызметтік өкілеттігі бір жылға ұзартылды", – делінген хабарламада.

Еске салсақ, Даниал Ахметов 15 маусымда 68 жасқа толады. Әр жылдары ол премьер-министр, қорғаныс министрі, Еуразиялық экономикалық комиссияның энергетика және инфрақұрылым жөніндегі алқасының мүшесі болды.

Ахметов Павлодар индустриялық институтын "инженер-құрылысшы" мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын шебер болып бастаған ол кейін "Павлодаржилстрой" тресінің үй құрылысы комбинатында прораб болып жұмыс істеді.

1992 жылдан 1993 жылға дейін Екібастұз қалалық әкімшілігін басқарды. Содан кейін Павлодар облысының әкімі, СҚО әкімі лауазымдарына тағайындалды.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также