. Қарағанды тұрғыны ХҚКО-ға барғаннан кейін өзінің "қайтыс болған" деген есепте тұрғанын білген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
38 жастағы Надежда Липина биыл 23 мамырда жеке куәлігін ауыстыру үшін халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінген. Өйткені құжатының мерзімі аяқталған. Кейін 2012 жылдан бастап мәліметтер базасында әйел "қайтыс болды" деген есепте тұрғаны белгілі болған.
"Шошып кеттім. Осы жылдар ішінде ресми жұмыс істедім. Несие алдым, 2018 жылы босандым, бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы алдым. Маған АХАЖ тіркеу кітабында менің "өлімім" туралы жазба бары айтылды. Бұл қалай болуы мүмкін? Түсінбеймін", - деді Надежда Липина.
ХҚКО өкілі әйелге жағдайды түзетуге уәде берген.
"23 мамырдан бастап олардан жауап күттім. Бүгін олар маған қоңырау шалып, қате өзгертілгенін, жеке куәлікті ауыстыруға бара алатынымды айтты. Дүйсенбіде барамын, өйткені бүгін жұмыстамын", - деді Надежда Липина.
Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі өкілі болған жағдайға қатысты пікір білдірді.
"Азаматша Липина жүгінген кезде, бұрын берілген куәлік 2012 жылы "азаматтың қайтыс болуына байланысты" деген қате себеппен жойылғаны анықталды. 9 маусымдағы жағдай бойынша, деректер базасына түзету енгізілді, - деп түсіндірді ПД баспасөз қызметі өкілі.
Сондай-ақ, ведомство өкілі әйел мерзімі өткен құжат үшін айыппұл төлемейтінін атап өтті.
Қарағанды тұрғыны қайтыс болғандар тізіміне еніп кеткен
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
11.06.2022
Жамбыл облысында алтын рудасын ұрламақ болғандар ұсталды
11.06.2022
Теміртаудағы ТЖ: Төрт жұмысшының опат болуына қатысты қылмыстық іс қозғалды
11.06.2022
Сенбі, 11 маусымға арналған ауа райы болжамы
11.06.2022