Алматы полицейлері ірі жол апаты фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Үш адам қаза тауып, тағы біреуі аса ауыр жағдайда ауруханаға түсті.
Оқиға 10 маусым күні таңғы уақытта Құлжа тасжолы бойында болды. Бұқтырма көшесі мен Гүлдала ауылының арасында екі шетелдік көлік соқтығысты.
Куәгерлердің айтуынша, 5-сериялы BMW автокөлігінің жүргізушісі Құлжа тасжолымен қалаға қарай келе жатқан. Бұқтырма көшесіне жетпей, "Тимур" автожанармай құю станциясына қарсы бетте белгісіз себептермен көлік жүргізушісі жолдың қарама-қарсы жолағына шығып, бар жылдамдықпен Mercedes автокөлігімен соқтығысқан.
Соққының қатты болғаны соншалық, көлік ішінде болған адамдар жол жиегіне ұшып түскен. Көліктер болса темір үйіндісіне айналды.
Жантүршігерлік жол апатынан жедел жәрдем келгенге дейін үш адам қаза тапты. Яғни, екі көліктің жүргізуші және Mercedes автокөлігінде отырған жолаушы. Көлік ішінде болған 15 жастағы жасөспірім аман қалды, бірақ әртүрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханаға түсті.
Қазіргі уақытта үш адамның өмірін қиған апат бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу аясында бірқатар сараптама тағайындалды.
Алматыдан шығаберісте жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты
2022-06-10 12:20:23
Последние новости
10.06.2022
«Шахтада үш сағат жүремін деп бір апта жөтелдім»: Қазақстанда шахтерлердің зейнет жасы төмендей ме
10.06.2022
МӘМС-ке жарна төлеуден кімдер босатылған
10.06.2022
Озера, горы, красивейшие пейзажи - волшебные места на Урале для летних путешествий на машине.
10.06.2022
Истина в Любви
10.06.2022
ЦИТАТА ДНЯ