Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне байланыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды.
Мәжіліс депутаты Нәзилә Раззақтың айтуынша, заңдағы маңызды түзетулердің бірі – автокөлікті қайталап немесе бірнеше рет мемлекеттік нөмірсіз басқарғаны үшін жауапкершілікті күшейту.
Сондай-ақ автокөлік құралдарына жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік нөмір орнатқаны үшін жауапкершілікті күшейту қарастырылып отыр. Мысалы, бұрын тек айыппұл салынатын болса, енді жүргізушіні 1 жылға куәлігінен айыру және 5 тәулік қамауға алу қарастырылып отыр, - деді депутат.
Заң жобасы бойынша жұмыс тобы 19 отырыс өткізді. Оған Бас прокуратура, Жоғарғы Сот, Цифрлық даму, Инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Ішкі істер, Әділет, Қорғаныс, Білім және ғылым, Ұлттық экономика министрліктерінің, Қаржы мониторингі агенттігінің және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен ведомстволар өкілдері шақырылды.
Бұдан бөлек, басқа заңдардың кейбір нормаларын қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіруге бағытталған түзетулер енгізілді. Осыған орай заң жобасының атауы да өзгерді.
Айта кетейік, депутаттар заң жобасын мақұлдап, Парламент Сенатының қарауына жолдады.
Жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген жүргізушілер куәлігінен айырылады
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
08.06.2022
Жабылып қалған ЖОО-дан студенттерді ауыстыру міндетін орындамағандар жауапқа тартылуы мүмкін
08.06.2022
Жүрек ауруының қаупін арттыратын қан тобы аталды
08.06.2022
Цифрлық майнингке салынатын салық мөлшерлемесі артуы мүмкін
08.06.2022