ТМД миссиясының басшысы референдум жайлы: болмашы заңбұзушылықтар ғана болды
"Тәуелсіз мемлекеттер достастығының бақылаушылар миссиясы Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдум қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жоғары ұйымдастырылған деңгейде өтті деп санайды", - деді Анфимов.
Айтуынша, бақылаушылар дауыс беру барысын бақылау барысында аз ғана болмашы заңбұзушылықтарды тіркеген. Олар техникалық сипатқа ие.
Олардың арасында ер адам кабинкаға әйелімен бірге кірген немесе сайлау учаскелерінің төрағасы бақылаушыларға нақты сағатқа дауыс берушілер саны бойынша мәлімет бергені сияқты бірлі-жарым жағдайлар бар.
"Бұл болмашы детальдар, олар жалпы картинаны бүлдірген жоқ", - деп нақтылады ТМД миссиясының басшысы.
Ол Қазақстан азаматтарына референдумда өз еркін білдіруге жағдай жасалғанын атап өтті.
Қазақстанда жалпыхалықтық Конституциялық референдум 5 маусымда өтті. Орталық референдум комиссиясы қазақстандықтардың 68,06%-і дауыс бергенін хабарлады. Алдын ала мәліметке сүйенсек, Конституцияға түзетулерді сайлаушылардың 77,18%-і қолдаған. Барлық өңірде сайлаушылардың басым бөлігі референдум сұрағына оң жауап берді.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.