Алматы облысындағы Еркін ауылының тұрғындары жарамсыз ауызсуды тұтынуға мәжбүр

Поделиться:
Еркін ауылында краннан ағып тұрған сумен бірге құрт та түседі. Жергілікті тұрғындар бұл мәселе сумен жабдықтаудың жаңа желісіне қосылғаннан кейін басталғанын айтады.

Алматы облысындағы Еркін ауылының тұрғындары құрты бар су ішіп жүр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Судың сапасы бір жыл бұрын нашарлаған. Ол кезде жергілікті шенеуніктер артезиан ұңғымасынан бас тартып, үйлерді басқа нысанға қосқан. Содан бері судың түсі де иісі де бүлінген. Адамдар өз денсаулықтары үшін қорқады.

Өткен жылы ауыл тұрғындары шенеуніктерден бұрынғы су желісін қалдыруды сұрады. Бірақ әкімдікте оны жарамсыз деп шешіп, үйлерді жаңа су құбырына жалғады.

Еркін ауылы тұрғындарының айтуынша, жаңа резервуардың жанында үнемі мал жайылып жүреді.

Бұл жағдайға қатысты жергілікті әкімдік түсінік берді. Қайнар ауылдық округі әкімінің орынбасары Нұрбол Есенбаев атап өткендей, жаңа су желісіндегі су тексеріліп, пайдалануға жарамды екендігі нақтыланған.

Жаңа құбыр 700-ден астам үйді сумен қамтамасыз етеді. Су сараптамаға алынды.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также