ҚАЗАҚМЫС ерекше балалары бар 35 отбасына пәтер кілтін тапсырды
Компанияның Қарағанды, Балқаш, Жезқазған және Сәтбаев қалаларындағы қызметкерлері пәтерлердің иегерлері атанды. Бұл жолы комиссиялық шешіммен іріктелген 35 мұқтаж отбасы 2, 3 және 4 бөлмелі пәтерлердің кілттерін алды.
– Ағымдағы жылдың басында компания басшылығымен тұрмыстық техникамен және жиһазбен жабдықталған 35 пәтер сатып алуға 1 млрд.теңге бөлініп, шешім қабылданды. Басқа отбасылар да көмекке мұқтаж екенін назарға ала отырып, басшылық ағымдағы жылдың соңына дейін тағы 50 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы шешім қабылдады, – деп атап өтті «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Андрей Гайдин.
Әлеуметтік бағдарланған компания бола отырып, «Қазақмыс» қызметкерлердің әлеуметтік осал санаттарына, оның ішінде көп балалы және аз қамтылған отбасыларға, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған қызметкерлерге белсенді көмек көрсетеді.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.