Елордалық полицейлер қаскөйді құрықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Елорда тұрғыны полицияға хабарласып, белгісіз біреу оның 16 жастағы қызының ұялы телефонын ашық түрде ұрлап кеткенін айтты. Жәбірленушінің cөзінше, кешкі уақытта жасөспірім Республика даңғылының бойымен келе жатқан, осы уақытта оған бейтаныс ер адам жақындап келіп, оның қолынан Redmi маркалы ұялы телефонын тартып алып, қашып кеткен.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері бұрын сотталған 25 жастағы қала тұрғынын ұстады. Қазіргі уақытта аталған фактіге байланысты «Тонау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған ер адамның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.
Нұр-Сұлтанда 16 жастағы қызды тонап кетті
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}