Алматы облысында автокөлік жер үйдің шатырына құлады – фото
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, жол апаты Іле ауданы Боралдай ауылында 23-інен 24 мамырға қараған түні болған.
"BMW X5" көлігін айдаған 29 жастағы жергілікті тұрғын рөлге ие бола алмай, жолдан ұшып кеткен. Сөйтіп жер үйге жапсарлас салынған нысанның шатырына құлаған. Газ құбыры аркасына зақым келіп, электр бағанасы құлады.
Жүргізуші жеңіл жарақат алды, ауруханаға жатудан бас тартты. Басқа зардап шеккендер жоқ.
"Мемлекет пен 40 жастағы үй иесіне келтірілген шығын есептеліп жатыр. Бұған қоса, жол апаты салдарынан газ шыққан жоқ. Электр энергиясы берілді", - делінген хабарламада.
Жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қозғалды. Сот жақын арада жиналған материалды қарайды.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.