«AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов референдумды қолдау үгіт-насихат жұмыстарын күшейтуді тапсырды
Үгіт науқаны басталғаннан бері аманаттықтар 5 мыңнан астам іс-шара өткізді. Атап айтқанда, еңбек ұжымдарымен, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ауыл шаруашылығы және басқа да сала өкілдерімен кездесулер өтті. Оның ішінде өңірлердің тұрғындарымен бір мыңға жуық кездесуді Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының мүшелері өткізді.
Жалпы, үгіт-насихат іс-шараларына 220 мыңнан астам адам қатысты.
«AMANAT» партиясының референдум өткізуді қолдау үгіт науқаны жалғасып жатыр. Қарқынды төмендетпеу керек. Өткізілетін кездесулердің санына ғана емес, бірінші кезекте сапасына да назар аударған жөн. Біз конституциялық өзгерістердің мәнін түсінікті, қарапайым тілмен жеткізуіміз қажет. Адамдарды учаскелерге келіп, өз дауысын беруге ынталандыруымыз керек», – деді партия Төрағасы.
Ерлан Қошанов атап өткендей, қазіргі уақытта 5 маусымда өтетін референдумда азаматтарды дауыс беруге шақыру үшін барлық ресурсты жұмылдыру өте маңызды.
Жиын соңында партия Төрағасы үгіт-насихат жұмыстарын жандандыруға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.