Нұр-Сұлтан қаласында көлік жүргізушілері төбелесіп қалды. Желіде жанжалдың видеосы тарады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қалалық полиция департаменті ұсынған мәліметке сәйкес, 21 мамырда әлеуметтік желіге мониторинг жасау кезінде Chevrolet және Газ-330252 жүргізушілері арасында болған төбелестің видеосы анықталған. Бұл оқиға Жеңіс пен Сейфуллин көшелерінің қиылысында болған.
"Сарыарқа аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады. Төбелеске қатысқандардың барлығы ұсталды", - дейді полицейлер.
Айта кетері, бұзақылық үшін 2 000 айлық есептiк көрсеткiшке (6 126 000 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Нұр-Сұлтанда жігіттер төбелесіп киімдерін жыртып тастаған(ВИДЕО)
2022-05-24 08:20:16
Источник:
http://www.matritca.kz/news/108950-nr-sltanda-zhgtter-tbelesp-kimdern-zhyrtyp-tastaanvideo.html#
Последние новости
24.05.2022
Гороскоп на 24 мая
23.05.2022
Очень хотелось бы, чтобы в школу шли не по остаточному принципу, а по призванию - А.Алексеев
23.05.2022
Еще один подарок от Казахмыс
23.05.2022
Шынболат Ділдебаев туралы бір үзік сыр