Елдің басым бөлігінде жауын-шашынды болады

2022-05-23 08:20:18
Бүгін солтүстік-батыс циклонның әсері сақталады оның әсерінен жауын-шашынды болады.

Елдің батысында, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр болып, найзағай, бұршақ, дауыл, екпінді жел болады. Республиканың оңтүстік-батысында шаңды дауыл болады. Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында үсік жүреді.

Батыс Қазақстан облысында солтүстік-батысында, солтүстік-шығында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, күндіз батысында, солтүстік-шығысында жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді. Атырау облысының басым бөлігінде түнде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі, оңтүстікте, шығыста жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының күндіз басым бөлігінде шаңды дауыл, күндіз облыстың солтүстігінде найзағай күтіледі, облыстың басым бөлігінде жел 15-20, солтүстігінде, облыстың орталығында екпіні 25 м/с жетеді.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі, батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді. Қостанай облысында солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, солтүстігінде, облыстың оңтүстігінде желдің жылдамдығы 15-20, күндіз басым бөлігінде 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстік-шығысында найзағай, күндіз дауыл, бұршақ күтіледі, облыстың шығысында желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 25 м/с жетеді. Ақмола облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі, түнде солтүстікте, батыста, шығыста, күндіз облыстың басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.

Алматы облысында түнде оңтүстікте, шығыста және таулы, тау бөктерінде, күндіз облыстың оңтүстігі мен шығысында найзағай, бұршақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, екпіні 23-28 м/с жетеді. Жамбыл облысында таулы аудандарда найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді. Түркістан облысының тауларында найзағай болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, Қызылорда облысының орталығында жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарының шығысында, Қостанай облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында, Қызылорда облысының орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.

 

Последние новости

23.05.2022
Утиль алымын ескі ставкамен төлесеңіз, «Жасыл даму» үстіндегі ақшаны қайтарып береді
23.05.2022
Конкурс в честь поэта
23.05.2022
Ақынды ардақтаған байқау
23.05.2022
Қарағанды облысындағы цемент зауытында еңбек дауы ушығып тұр
23.05.2022
Является ли храп болезнью?
23.05.2022
Всегда верь в себя
23.05.2022
ЦИТАТА ДНЯ
23.05.2022
Гороскоп на 23 мая