Атырауда таныс келіншекті ұрып-соғып, басын балғамен жарып, кейін өзі асылып қалған азаматқа қатысты қозғалған қылмыстық іске бүгін нүкте қойылды. Денесінен сау-тамтық қалмай, 1 ай бойы зорлық құрбаны болған келіншек полицияға 10 рет арыз жазған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бірақ тәртіп сақшылары қылмысты ашуға әрекет жасамапты. Атырау қалалық 2 -соты 4 полицияға қатысты істі 7 ай бойы қарады.
Екі учаскелік полиция инспекторы «ауыр зардаптарға алып келген қызметтегi әрекетсiздiк фактісі» бойынша, ал жедел уәкіл мен тергеуші «ауыр зардаптарға әкеп соққан алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған қылмыстық құқық бұзушылықты жасыру фактісі» бойынша кінәлі деп танылды.
Сот оларға 2 жыл мен 4 жыл аралығында бас бостандығынан айыруға жаза кесті, деп жазады Астана телеарнасы.
Қос учаскелік полицей құқық қорғау органдарында өмір бақи жұмыс істей алмайды, ал жедел уәкіл мен тергеушіге 5 жылға дейін жұмыс істеуге тыйым салды.
Полиция қызметкерлерінің тікелей міндеттерін білмейтіндіктерін көрсетіп отыр. Мысалы, 1-4 сәуірдегі арыз бойынша, 15 сәуірде хаттама толтырғанымен, 2 тәулік емес, 5 тәулік, 10 тәулікке жабылатын еді. Одан кейінгі әрекет қорғау нұсқамасын уақыты бергенде қорғау нұсқамасынан кейінгі тәртіп бұзушылық болса, онда оның ар жағында басқа жауапкершілік тұратын еді.
Эльмира Ойқұлова, Атырау қалалық №2 сотының судьясы
Естеріңізге салайық, жантүршігерлік оқиға былтыр сәуір айында болды. 37 жастағы қала тұрғыны таныс келіншекті бірнеше күн бойы ұрып-соғып, қинаған. Бұл оқиғаға әйелдің балалары куә болған. Соңында ер адам өз-өзіне қол жұмсады.
Атырауда әйелді балаларының көз алдында қинап, балғамен басын жарған
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
20.05.2022
Кайрату Кудайбергену продлили арест еще на два месяца
20.05.2022
Экс-аким Кульсары объяснил скандальное видео с "закладкой наркотиков"
20.05.2022
Арыстанбека Мухамедиулы перевели из реанимации в обычную палату
20.05.2022