Лифтіде әйелін ұрған ер адам депутаттыққа үміткердің ұлы болып шықты

2022-05-18 16:20:22
Қоғам белсендісі Айгүл Орынбек лифтіде әйелін ұрған ер адамның анасы депутаттыққа үміткер болғанын мәлімдеді. Ал сайлауалды бағдарламасында тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресуге уәде берген, деп хабарлады Otyrar.kz порталы.

"Мынау бейнежазбадағы жігіт – Шымкенттегі AMANAT партиясының мүшесі, депутаттыққа үміткер Гүлайым Шұңғараеваның ұлы екен. Естеріңізде болар, дәл осы Гүлайым ханым өткен жылы өзінің сайлауалды бағдарламасында тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресіп, әйелдерге арналған орталықтарға барып көмек беретінін, ұлттық құндылық, сосын тәлім-тәрбие жөнінде көсіліп жазған еді. Сіз осы зорлық-зомбылық жайттарына қалай араша түсіп, көмек беріп жүрсіз?...", - деп жазды Орынбек.


Заңгердің айтуынша, көмек сұраған қыздың туыстары қылмыстық істің бұрмаланып жатқанына шағымданды.

Қазіргі кезде Гүлайым Шұңғараеваның барлық аккаунты бұғатталып тұр. Amanat партиясының Шымкент қаласындағы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаев осы мәселеге қатысты пікір білдірді.

"Біз жағдайды бақылауға алдық. Ол жігіт 18 жастан асқан, сол кісінің үлкен ұлы. Партиямыздың мүшесі емес. Сондықтан оған ықпал ете алмаймыз. Гүлайым Шұңғараевамен түсіндіру жұмыстарын өткіздік. Әзірше бұқаралық шараларға қатыспауды өтіндік. Сондықтан ол біздің әлеуметтік жобаларымыз бойынша үгіт-насихат кездесулеріне шықпайды. Партиялық бақылау да жұмыс жүргізіп, шешім шығарады", — дейді Бектаева.

Айта кетері, бұған дейін әлеуметтік желіде лифтіге кірген әйелді қатыгездікпен ұрған ер адамның видеосы тараған болатын. Ол алдымен жұбайын шашынан тартып, жерге құлатқан. Одан кейін тепкілей бастайды. Әйел тұрғанда жұдырықпен тағы бірнеше жерден ұрған.
Қалалық полиция департаменті бұл оқиғаның Есіл ауданында болғанын растады. Сол ауданның полицейлері Қылмыстық кодекстің 107-бабы (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру) бойынша тергеу шараларын бастады. Бірақ жәбір көрген әйел тергеуге қанағаттанбай отыр. Ер адам оны ертесінде тағы асқан қатыгездікпен ұрған. Бірақ полицейлер осы мәліметті тіркеуге алмаған. Видеодағы датаға қарағанда, бұл оқиға 28 наурызда түнгі сағат 1:30-де болған.

Қылмыстық кодекстің 107-бабы 2-тармағының 3-бөлігі бойынша 2 000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту немесе үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

 

Последние новости

18.05.2022
В Алматы горит павильон выставочного комплекса "Атакент"
18.05.2022
Аким Алматы отчитался Президенту о мерах по стабилизации цен на продовольственные товары
18.05.2022
Сироты в Петропавловске боятся остаться без долгожданных квартир от государства
18.05.2022
Жаңа туған нәресте болған: Шымкентте жол апатынан 1 адам қаза тауып, бес адам зардап шекті
18.05.2022
Зарплата врачей увеличится еще на 30% в Казахстане
18.05.2022
Конституцияға енгізілетін әрбір өзгерісті конституциялық реформа деп санауға болмайды – Нұрмұханов
18.05.2022
Аңсаған Балтабеков Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары болып тағайындалды
18.05.2022
Состав правления нацхолдинга "Байтерек" будет сокращен