Сүйекке зиян үш сусын белгілі болды

2022-05-18 08:20:23
Диетолог, медицина ғылымдарының докторы Маргарита Королева сүйекке зиян сусындарды атады, деп хабарлайды РИА Новости.

Маманның айтуынша, диетада сүт көп болуы сүйектерге кері әсерін тигізеді. Сүт құрамындағы қышқыл компоненттер организмнен пайдалы заттарды шайып тастайды. Сондықтан олар көкөніспен бірдей болуы керек.

"Қышқыл өнімдерді мөлшерден тыс тұтыну ацидозға - организмнің РН-ортасының өзгеруіне әкеледі. Сүйек массасынан пайдалы сілтені алып, әлсіздендіреді", - дейді диетолог.

Сондай-ақ, кальций, магний және басқа да минералдардың сіңу процесіне кофе де теріс әсер етеді. Диетолог оны тамақтанар алдында немесе одан кейін ішуге кеңес береді. Сонымен қатар, кофені көп ішу дегидратацияға әкелуі мүмкін. Сондықтан бір шыны кофе ішкенде, кем дегенде бір стакан су ішу керек.

Маргарита Королева сүйекке газдалған, әсіресе, тәтті сусындар зиян екенін атап өтті. Оның айтуынша, олар остеопорозға әкелуі мүмкін. Өйткені құрамында ортофосфор қышқылы бар, ол асқазан-ішек жолдары мен тістерге де зақым келтіреді. Сонымен қатар, тіпті аз мөлшердегі тәтті газдалған сусын бүйрек ж
Сүйекке зиян үш сусын белгілі болды
ұмысына теріс әсер етуі мүмкін.

 

Последние новости

18.05.2022
ВНИМАНИЕ! МОШЕННИКИ! - Агрессивная реклама об инвестициях в KAZ MINERALS
18.05.2022
Щучинскіде базар өртеніп, бір адам қаза тапты
18.05.2022
Балаңа берер бағыт оны адастырмай ма?
18.05.2022
Павлодарда ойнап жүрген жасөспірімдер үйді өртеп жіберді - 5 отбасы баспанасыз қалды
18.05.2022
Праведник и черт
18.05.2022
ЦИТАТА ДНЯ
18.05.2022
Гороскоп на 18 мая
18.05.2022
18 мамырға арналған ауа райы болжамы