Референдум өткізуге арналған 16,4 млрд теңгенің 79 пайызы осы ауқымды іс-шараға жұмылдыратын адамдардың жалақысын төлеуге жұмсалады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Референдум шығыстарының 79 пайызы комиссия мүшелерінің жалақасын төлеуге бағытталады. Не себепті бұл бағытқа қомақты қаражат қарастырылған? Бұл көлем Президент, Мәжіліс сайлаулары сияқты ауқымды науқанды өткізу кезінде жұмсалған қаражат сомасының деңгейінде. Аталған 79 пайыз учаскелік және аумақтық комиссиялардың 71 мыңға жуық мүшесінің жалақысын қамтамасыз етуге бөлінеді. Еңбекақыны төлеу деңгейінде ел бойынша орташа жалақы көрсеткіші ескерілген», - деді С. Мұстафина ОСК-да өткен баспасөз мәслихатында.
Осы орайда ол референдум өткізуге республикалық бюджеттен 16,4 млрд теңге қарастырылғанын еске салды.
«Жалақы төлемі жұмыс істеген уақытқа сай жүргізіледі. Комиссия мүшелерінің барлығы бірдей деңгейде жұмыс істемейтіні түсінікті. Комиссия мүшелерінің көбісі өздерінің негізгі кәсіби қызметін атқарып, комиссияларда тек бекітілген кесте бойынша жұмыс істейді. Олардың жұмысқа шығатын арнайы тАбелі жүргізіледі», - деді С. Мұстафина.
Атап айтқанда, бөлінетін қаражаттың 21 пайызы дауыс беру учаскелерінің метариалдық-техникалық қамтамасыз етілуіне, Орталық референдум комиссиясы мен учаскелік әрі аумақтық комиссиясының жұмысына, баспа өнімдерін даярлауға, ақпараттық сүйемелдеуге, сондай-ақ ел аумағында арнайы билбордтарды орналастыруға арналған.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев конституциялық реформаға қатысты өтетін республикалық референдум өткізуге қанша қаражат бөлінгенін айтты.
«Конституциялық референдум өткізуге республикалық бюджеттен 16 млрд 400 млн теңге бөлінеді. Орталық сайлау комиссиясы тиісті есеп-қисапты ұсынды. Бүгін Үкімет осыған байланысты Қаулы қабылдады. Қаржы республикалық бюджеттен, Үкімет резервінен бөлінеді», - деді Е.Жамаубаев.
Референдум: 16,4 млрд теңгенің 79 пайызы комиссия мүшелерінің жалақасын төлеуге бағытталады
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
17.05.2022
Руководство школ будет отвечать за низкие баллы на ЕНТ у обладателей «Алтын белгі»
17.05.2022
Алматыда миграциялық халыққа қызмет көрсету орталығында ұзын-сонар кезек пайда болды
17.05.2022
Референдум в Казахстане: Почти 13 миллиардов тенге пойдут на оплату труда
17.05.2022