Екібастұзда жантүршігерлік жол апаты болды – видео
Кеше 48 жастағы жүргізуші "Лада-21074" автокөлігімен іргелес аумақтан шығып бара жатып Kia Rio көлігіне жол бермей, онымен соқтығысқан.
Kia Rio қозғалыс траекториясын өзгертіп, тұрған көлікті соқты.
Lada жүргізушісі мен оның жолаушылары түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Тексеріс жүргізіліп жатыр.
Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, зардап шеккен үш адам Екібастұз қалалық ауруханасына жатқызылды.
Миы шайқалып, жабық бас сүйек-ми жарақатын және көптеген дене жарақатын алған 1974 жылы туған ер адам травматология бөліміне жатқызылды. 2007 және 2010 жылы туған екі жасөспірім балалар хирургиясы бөліміне түсті – олар жабық бас сүйек-ми жарақатын алған, миы шайқалған, денесі көгеріп, сыдырылған. Үшеуінің де жағдайы тұрақты, орташа ауыр дәрежеде.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.