«Анасы қайтыс болған»: Алматыда сабақ кезінде зорланған оқушының әкесі мән-жайды айтып берді
Ер адам өзінің аты-жөнін жарияламауды және бет-жүзін көрсетпеуді өтінді. Ол ұлын жалғыз өзі тәрбиелеп отырғанын, бірнеше жыл бұрын әйелі қайтыс болғанын айтты. Оның басқа қалада тұратын ересек қызы бар екен.
Қайғылы оқиға Наурызбай ауданындағы жекеменшік мектепте болған. Ер адам баласын 2021 жылдың қыркүйегінде осы оқу орнына берген.
Оның айтуынша, ұлы ештеңеге шағымданбаған, оқу үлгерімі жақсы болған. Ал жетінші сыныптың үш оқушысының баланы аяусыз қорлап жүргенін сәуір айының ортасында ғана білген.
«Бір күні ол маған өзін мектепте жоғары сынып оқушыларының пышақпен қорқытатынын айтты. Басқа ештеңе айтпады. Келесі күні мен жағдайды анықтау үшін сынып жетекшісіне жолықтым. Ол маған бәрін біліп беремін деп уәде берді де, сол күйі ұмыт болды», - дейді ер адам.
Кешке қарай әкесі баласының аяғы қатты ісіп кеткенін байқаған. Сол кезде жоғары сынып оқушысының баланың аяғын басып, ісітіп жібергені анықталады.
Әкесі тағы мектепке барады. Оның айтуынша, тағы да ешкім ештеңе түсіндірмеген, бәрі белгісіз күйінде қалған.
Соңында баласы әкесіне өзін мектеп дәретханасында 7-сыныптың үш оқушысы зорлап жүргенін мойындайды.
«Ұлым бәрін айтып берді. Оны жоғары сынып оқушылары дәретханаға апарып, күштеп еңкейтіп, қолын қайырып, көзін жауып тұрып зорлаған. Үшеуі кезектесіп зорлық көрсеткен. Пышақпен, тапаншамен қорқытқан. Тура сабақ жүріп жатқан кезде жасаған. Мұғалім ұлымды сабақ кезінде жібере берген, ал дәретханада әлгі хайуандар күтіп тұрған. Олар оны қаңтар айынан бері зорлап келген. Ұлымның айтуынша, барлығы 10-12 зорлық көрген», - дейді көзінен жас сорғалаған әке.
Сол күні ер адам полицияға арыз жазып, ұлын сараптамаға жіберген. Зорлау фактісі расталған.
«Мен 22 сәуірде арыз жаздым, әлі еш нәтиже жоқ. Зорлаушылар бостандықта жүр, мектеп ашық тұр. Мектепте маған ешкім ештеңе түсіндірмеді. Баламды ол жерден алып кеттім. Ол екі аптадан бері үйде. Жантүршігерлік қылмысқа елең еткен жан баласы жоқ», - деп күйінеді ер адам.
Ол қылмыскерлер қайтсе де жазасын тартуы тиіс дейді. Оның айтуынша, олардың екеуі әлі 14-ке де толмаған.
«Біреуі ересек, 15 жаста. Екеуі 13 жаста. Колонияға жіберсін, ата-аналарын жазаласын, мектеп жабылсын. Бұл жекеменшік мектеп. Баламды сонда зорлық көрсін деп ақша төлеп жүрдім бе?» - деп ашынады әке.
Қайғылы оқиға болған жекеменшік мектеп журналистерге есігін тарс жапқан. Ешқандай түсініктеме бермеді.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы мектептерінің бірінде 7-сыныптың үш оқушысы дәл сабақ кезінде дәретханада 1-сынып оқушысын бірнеше рет зорлағаны хабарланған болатын.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.