Шымкентте құрылысы аяқталмаған ғимаратта от жаққан балалар опат бола жаздады(ВИДЕО)
Оқиға 10 мамырда кешкі уақытта болған. Құтқарушылардың айтуынша, 11 және 12 жастағы екі бала құрылысы аяқталмаған ғимарат жертөлесіндегі қоқыстарды өртеп, ол жерден шыға алмағандықтан тұншығып қала жаздаған. Балалардың бірінде ұялы телефон болған, ол өрт сөндірушілерді шақырған. Бұл уақытта "112" қызметкерлері құтқарушылармен байланыста болған. Операторлар болса, құтқарушылар оқиға орнына жеткенше балаларға түтіннен қорғану жолдарын айтып, көмектескен. Бұл кезде балалардың бірі ес-түссіз жатқан еді.
"Құтқарушылар түтін басқан жертөлеге кіріп, балаларды арнайы тыныс алу аппаратына қосып, қауіпсіз жерге апарып, Апаттар медицинасы орталығы филиалының қызметкерлеріне тапсырды", - деді Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы өкілері.
Құтқарушылар мәліметінше, өрт сағат 19.12-де оқшауланып, сағат 19.31-де толығымен сөндірілген. Өрт үй-жайдың алты шаршы метрін шарпыған.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.