Спортта тағы дау шықты – министрлік сотқа арыз түсірмекші
Министрлік мен комитет арасындағы дау дзюдодан алтын алған Еркебұлан Канафиннен басталды. Күні кеше ол Бразилияда өтіп жатқан жазғы Сурдлимпиадада жеңімпаз атанды.
"Ұлттық құрама командасынан сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша 59 спортшы қатысып жатқаны белгілі. Алайда ҚР Ұлттық Сурдлимпиада комитеті заңға қарамастан, өз тараптарынан жариялап бірқатар спортшыларды, оның ішінде Қанафин Еркебұланды жарысқа апарған. Қанафин Еркебұлан бұрын - соңды есту қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы ресми жарыстарға қатыспаған. Қазақстан Республикасы Ұлттық құрама командасының мүшесі емес және дене мүмкіндіктері шектеулі жандарға арналған спорт ұйымдарында тіркелмеген", - делінген ресми хабарламада.
Министрлікте аудиограмма нәтижелері және спортшының жалпы денсаулық жағдайы туралы ақпарат та жоқ.
"Соған қарамастан Ұлттық Сурдлимпиадалық комитет Еркебұлан Канафинді өз есебінен жарысқа жіберіп, Қазақстанның беделіне әлемдік спорт қоғамдастығының алдында нұқсан келтірді және спорттық этикалық қағидаларды бұзды", - дейді министрлік мамандары.
Ұлттық құрама команданың тізімін қалыптастыру кезінде 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сурдо дзюдодан ел чемпионы Айдос Түгелбаев енгізілген болатын.
Ал Сурдлимпиадалық комитет басқа спортшыны қатыстырған. Осыған байланысты министрлік Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің үстінен сотқа шағым түсіретінін ресми түрде мәлімдеді.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.