Тамақ аруын емдеу кезінде "уды у қайтарады" деген ұстаным қауіпті, дейді медицина ғылымдарының кандидаты Александра Гусева.
Оның айтуынша, суық тию кезінде салқын ауамен тыныстау, балмұздақ жеу және мұзды су ішу өте қауіпті. Себебі бұл әрекеттер иммунитетті әлсірете түседі.
Алайда дәрігер аяз пайдалы болатын жағдай да кездесетінін айтты.
"Егер тамақтағы ауырсынуға шырышты көмейдің жарақаттан кейінгі ісінуі немесе мойын тіндеріндегі гематоманың асқынуы себеп болса, онда бұл жағдайда жарақат аумағына салқын компресс жасаған пайдалы болады", - деді дәрігер "АиФ" арнасына берген сұхбатында.
Маман мойын аумағын жылытудың салдары туралы да айтты.
"Егер инфекция үдесе, онда тіндердегі жоғары температура патологиялық процесті созып, бұл іріңдеу немесе бітеу жара түзілуіне алып келеді. Оны тек хирургиялық жолмен алып тастайды", - деді Гусева.
Сондай-ақ ол тамақты орта температурадағы арнайы дәрілік ерітінділермен шаюға кеңес берді.
Дәрігер тамақ ауруын емдеу кезінде не істеуге болмайтынын айтты
2022-04-30 08:20:23
Источник:
http://www.matritca.kz/news/108101-drger-tama-auruyn-emdeu-keznde-ne-steuge-bolmaytynyn-aytty.html#
Последние новости
30.04.2022
Мамыр айына арналған ауа райы болжамы
30.04.2022
Гороскоп на 30 апреля
29.04.2022
Подрядчик подал в суд на акимат Актобе