Батыс Қазақстан облысында суға талас жүріп жатыр. Казталов пен Жаңақала аудандарының тұрғындары Қараөзен арнасына келетін суды бөлісе алмай келеді.
qazaqstan.tv берген ақпаратқа сай, ауылы аралас, қойы қоралас жатқан қос ауданның мәселесін біржола шешу үшін, жаңа су қоймасы керек.
Казталов ауданы Жалпақтал ауылы бізге тиесілісін берсін. Артық суды өздеріне есептеп жинап алып қалсын. Су қоймасын салу керек Жалпақталда. Су есептегіш қондыру керек, дейді тұрғын Руслан Оразғалиев.
Географиялық орналасуы жағынан Жалпақтал биікте тұр. Яғни Жалпақтал жеріне азды-көпті суды беріп, содан кейін Жаңақалаға асып кету керек деп ойлаймын.
Ғилым Елекешев, тұрғын
Казталовта он шақты ауылдағы 11 мыңдай халық ауыз суды осы Қараөзеннен ішіп отыр. Ал бөгеттер топырақтан үйіліп, қолдан жасалған. Гидроқұрылғы, қақпалар атымен жоқ. Жанжал облысқа жетіп, шу көтерілген соң, бөгет ашылды.
Өзенге Ресей Федерациясындағы Приузенск су қоймасы арқылы 24-25 текше метрдей су жүріп жатыр. Оның басы 49 м3/секундқа дейін көтерілген болатын. Қазір Жиеш арқылы Сарышығанақ су қоймасына су жіберу жұмысы жүргізілуде.
Еркебұлан Ермұханов, "Қазсушар" РМК БҚОФ Казталов аудандық учаске басшысы.
Тасқын су мынау келіп жатқан. Негізі былтыр комиссия құрғанда 50/50 етіп, Жалпақтал мен Жаңақала бөлісіп алуы керек деп шешті. Онымен келген су Жалпақталда бір аптадай ұсталып қалды. Тек үш күндей болды ашылғанына. Жаңа-жаңа басы түсіп жатыр. Күтіп отырмыз суды.
Ербол Төлеуғалиев "Қазсушар" РМК БҚОФ Жаңақала аудандық учаске басшысы
Тегін келген ырысты ысырапсыз жинап алу үшін жаңа су қоймасы салынып, бөгеттерде гидроқондырғы, су есептегіш орнатылуы қажет. Бірақ биыл жоспарланған Жалпақтал су қоймасының жобалық-сметалық құжаттамасы әлі жасалмапты. Бұл іс ілгерілемей, жыл сайынғы жанжалдың қайталана берері анық.
Батыс Қазақстан облысында суға талас болып жатыр
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
27.04.2022
Стоимость страховки для автолюбителей будет зависеть от уровня аварийности региона
27.04.2022
Қошанов Ресей мен Украинадан келген мигранттар легі туралы: Қазақстан тек ұтады
27.04.2022
Такси компаниялары Қазақстанда инватакси санын көбейтуге міндеттеледі
27.04.2022