Елбасының өкілеттігі туралы конституциялық заңның күші жойылады
"Біріншіден, Конституцияда Тұңғыш Президенттің жаңа мәртебесі бекітілмейді, тек оның тарихи рөлі нақтыланатынын атап өткім келеді.
Сонымен бірге, жұмыс тобының бастамасымен Тұңғыш Президенттің өкілеттіктеріне қатысты барлық норма Конституциядан алып тасталады.
Осыған сәйкес Тұңғыш Президент - Елбасы туралы конституциялық заң алдағы уақытта күшін жояды", - деді Ермек Әбдірасулов.
Бұған дейін Әбдірасулов еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи рөлі Қазақстан Конституциясында сақталады деп мәлімдеген болатын.
Кейін конституциялық реформа жөніндегі жұмыс тобы Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасында Елбасының конституциялық өкілеттіктері туралы баптарды алып тастау ұсынылғанын айтқан.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.