Кентау ЖЭО 1952 жылы пайдалануға берілген, ЖЭО-5-тің негізгі жабдықтарының тозуы 100%-ға жетті.
Жылу энергетика орталығының жұмысымен танысқан Болат Ақшолақов Кентау ЖЭО-ның қатты тозғандығын атап өтті.
Ол орталықтың проблемалық мәселелері бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді және алдағы жылыту маусымын өткізу үшін отынның нормативтік қорымен қамтамасыз ету қажеттігіне "Кентау сервис" МКК басшыларының ерекше назарын аударды.
"Кентау қаласын тұрақты жылумен жабдықтау мақсатында қала әкімдігі қаланы жылумен жабдықтауды дамыту перспективалары бойынша шешім қабылдауы қажет", - деп түйіндеді министр.
Жылу энергиясын өндіру және беру шығыстарын өтемейтін шығынды тарифке байланысты жергілікті атқарушы орган жыл сайын бюджеттен жылыту маусымына дайындық үшін қаржы қаражатын бөледі. Алайда бөлінген қаражат электр станциялары мен жылу желілері жабдықтарының ағымдағы жөндеу жұмыстарына ғана жетеді.
2021-2022 жылдардағы жылу беру маусымына ЖЭО-5 және жылу желілерін дайындау үшін жергілікті және облыстық бюджеттен 1,9 млрд.теңге, оның 1,2 млрд.теңгесі көмір сатып алуға бөлінді, ал ЖЭО-5 жабдықтары мен жылу желілерін жөндеуге қажетті сома 3 млрд 180 млн.теңге болған кезде, тек 757 млн.теңге ғана бөлінген болатын.
Кентаудағы жалғыз жылу энергетика орталығының тозығы жетіп тұр
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
24.04.2022
Алматы - Талдықорған тасжолында жас футболшылар отырған автобус өртенді
24.04.2022
Алматы облысында әйелді екі баласымен бірге көлік қағып өлтірді
24.04.2022
Алматыда бірнеше көлік соқтығысты: үш адам зардап шекті
24.04.2022