13 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Республика бойынша найзағай ойнап, жел күшейеді, батыста – тұман, оңтүстікте – дауыл тұрады.
Ақмола, Павлодар облыстарының оңтүстігінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Алматы облысының басым бөлігінде найзағай жарқылдайды, таулы, тау бөктерлі аудандарында бұршақ жауып, дауыл соғады. Алакөл көлдері маңында екпіні 27 м/с жел соғады.
Түркістан облысының басым бөлігінде найзағай ойнайды, дауыл соғады, таулы аудандарында бұршақ, ал солтүстігі, батысы, таулы және тау бөктерлі аудандарында желдің екпін 17-22 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан облысының батысы, солтүстігі, солтүстік-шығысында тұман түседі. Түнде Атырау облысының шығысы мен орталығында найзағай, түнде және таңертең тұман күтіледі. Ақтөбе облысының шығысында желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді, дауыл соғады.
Қостанай облысының оңтүстігінде найзағай ойнайды, желдің екпіні 23 м/с жетеді, солтүстігінде тұман болады. Қарағанды облысының батысы, оңтүстігі мен орталығында найзағай, түнде батысы мен орталығында кей уақыттарда екпіні 23 м/с жел соғады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік жартысында, оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде желдің екпіні 25 м/с жетеді. Қызылорда, Жамбыл облыстарында жауын, найзағай, бұршақ, дауыл соғып, желдің жылдамдығы 23-28 м/с жетуі ықтимал.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.