Зеленский Донбасс үшін шайқас басталғанын мәлімдеді

2022-04-19 08:20:17
Ресей әскері Украина шығысында шабуылды күшейтіп, Донбасс үшін шайқас басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Украина президенті Владимир Зеленский осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, Ресей қазір Донецк пен Луганск облыстарының барлық жерін бақылауына алу үшін Украинаның солтүстігі мен Беларусьтан келген күштерін шығысқа шоғырландырып жатыр. Бұл шайқас ұзаққа созылып, орасан шығын әкеледі деді Зеленский.

Владимир Зеленский, Украина президенті:


- Ресей әскері көптен бері дайындалған Донбасс үшін шайқасты бастады. Ресейдің қарулы күштері Украинаның осы бөлігіне бет алып жатыр. РЕСЕЙ КҮШТЕРІ ЛЬВОВ МАҢЫНДАҒЫ ЛОГИСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚҚА СОҚҚЫ БЕРДІ


Ал Ресей Қорғаныс министрлігі әскери әуе күштері Львов маңында Украина әскерінің логистикалық орталығына соққы бергенін мәлімдеді. Белгілі болғандай, осы шабуыл кезінде АҚШ пен Еуропадан әкелінген шетелдік қару-жарақ талқандалған. Сондай-ақ Ресей күштері соңғы бір тәулікте Украианның 1 батальонының көзін жойғанын жеткізді.

Игорь Конашенков, Ресей қорғаныс министрлігінің ресми өкілі:

- Ресейдің әскери тактикалық авиациясы Украина аумағында 84 нысанға соққы берді. Осы әрекеттер барысында Днепрде «Точка-У» зымыранының жабдықтарын дайындайтын зауыт жойылды. Осымен бірге Красная Поляна мекенінде екі қару-жарақ және бір жанармай қоймасы талқандалып, 47 аудандағы жау күштеріне соққы берілді. 22 зеңбірек бекінісі істен шығарылды.