eGov.kz порталында Семей полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтар үшін жаңа қызмет пайда болды.
«ҰАТ» АҚ қоғаммен байланыс бөлімінің мәліметінше, Семей полигоны аумағында 1949-1965 жылдар аралығында, сонымен қатар 1966-1990 жылдар аралығында өмір сүрген азаматтар eGov жүйесіндегі жаңа қызметті пайдалана отырып, мемлекеттен төлемдер ала алады.
Азаматтарға жеңілдіктер мен өтемақыларға құқығын растайтын анықтама алуға мүмкіндік беріледі. Қызмет тегін көрсетіледі және 2022 жылдан бері қолжетімді.
Осындай қызмет еліміздің халыққа қызмет көрсету орталықтарының көмегімен де көрсетіледі. Қызметті пайдалану үшін Egov.kz порталына өтіп, басты бетте «Әлеуметтік қамсыздандыру» бөлімін ашып, «Отбасыларға көмек» тармағын таңдап, қызметті таңдау керек.
Пайдаланушының әрі қарай әрекеті:
порталға кіру;
онлайн қызмет тапсырысын бастау;
барлық қажет өрістерді толтыру;
электронды цифрлық қолтаңбаны немесе екі факторлы аутентификацияны пайдаланып өтінімге қол қою.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – 20 жұмыс күнінде қалыптастырылатын және пайдаланушының «Жеке кабинетінде» сақталатын хабарлама. Хабарламаны алғаннан кейін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен анықтама/анықтаманың телнұсқасын алуы қажет.
Біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақыны төлеу облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша өтемақы төлемдерінің кестесіне сай жүзеге асады.
Семей полигонынан зардап шеккендердің мәртебесін онлайн түрде растауға болады
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
18.04.2022
Теперь на IVI можно увидеть самые популярные дорамы
18.04.2022
Тоқаевтың тапсырмасынан кейін Алматы әкімі орынбасарларын азайта ма?
18.04.2022
Зять Токаева освободит должность посла Казахстана в Болгарии – Мусин
18.04.2022