Ауыл шаруашылығы министрлігі бидай мен ұн экспортына квота енгізеді. Қазіргі уақытта бұйрық Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолданды. Бұл туралы ведомство сайтында хабарланды.
Бұйрық қолданысқа енгізілген күннен 15 маусымға дейін бидай мен ұн экспорты бекітілген квота көлемі шеңберінде жүзеге асырылады:
- бидай мен меслинге – 1 миллион тонна;
- бидай немесе қара бидай ұнына – 300 мың тонна.
"Бұл ретте осы №110 бұйрықпен бекітілген сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидаларының 5-тармаққа сәйкес, бидай әкетуге арналған квотаны бөлуге, әкетуге мәлімделген көлемнен 10 пайызын белгіленген баға бойынша "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰК" АҚ-ға өткізген өтініш берушілер жіберіледі (бидайдың тіркелген бағасы мен сапалық көрсеткіштері, жұмсақ бидай жеткізілетін астық қабылдау кәсіпорындарының тізімі мен мекенжайлары жоғарыда көрсетілген бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін Министрліктің ресми интернет-ресурсында жарияланатын болады)", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, бұйрық қолданысқа енгізілген күнге дейін кеден заңнамасына сәйкес экспорттың кедендік рәсімі бойынша орналастырылған және шығарылған тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан кедергісіз әкетуге болатыны туралы хабарланды.
Бұйрық қолданысқа енген күнге дейін кедендік декларация немесе өзге де кедендік құжаттар тіркелмеген тауарларға фитосанитариялық сертификатты рәсімдеу жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.
Ауыл шаруашылығы министрлігі бидай мен ұн экспортына шектеу енгізеді
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
18.04.2022
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 704,9 млрд теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді
18.04.2022
Павлодар облысындағы елді мекендер маңындағы дала өртінің видеосы жарияланды
18.04.2022
Түркістан облысында жол апатынан жеті адам зардап шекті
18.04.2022