Павлодар мектебіндегі өрт: дәрігерлер балалардың жағдайын айтты
Павлодар мектебіндегі өрттен бес қыз зардап шекті. Өрт орнына жедел жәрдем бригадалары мен Апаттар медицинасы орталығының бригадасы жіберілді.
Дәрігерлер екі қызды тексеріп, ата-анасына тапсырғаны атап өтілді. 2008 жылы туған оқушыға жеңіл дәрежедегі жанған өнімдерден улану диагнозы қойылды.
Ал 2007 жылы туған жәбірленушінің күйзеліске реакциясы қатты. 2005 және 2006 жылы туған үш қыз бала көмірқышқыл газының уытты әсері диагнозымен соматикалық бөлімшеге шұғыл түрде жатқызылды.
Орташа ауырлықтағы көміртегімен уланған. Барлық қажет емдеу-диагностикалық шарасы жүргізіліп жатыр, – деді дәрігерлер.
Павлодардағы №1 орта мектепте өрт 15 сәуір күні таңертең болған еді. Өрт салдарынан 479 адам эвакуацияланып, оның бесеуі ауруханаға жатқызылды. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.