Петропавлда бірнеше жыл бұрын жергілікті аялдамаларға бюджет есебінен орнатылған электрон таблолар жұмыс істемей тұр. Бұл туралы әлеуметтік желіде тұрғындар бірнеше рет наразылық білдіріп, мұндай жаңашылдықты енгізу бос шығын екенін айтты, - деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.
2018 жылы Петропавл аялдамаларына электрон таблолар қойылған. Ол ауа температурасын, бағыттар кестесін және автобусты күту уақытын көрсетуі керек болған, бірақ олардың жұмысы ұзаққа созылмаған.
Облыс орталығында барлығы 31 осындай электрон табло орнатылған. Оларға бюджеттен ондаған миллион теңге бөлінген. Қала тұрғындары табыло жұмыс істемесе, оған ақша құртудың қажеті не деп сұрақ қойды.
"2020 жылы ақау шыға бастады. Ол кезде пандемияға байланысты басқа елдерден құрамдас бөліктерге тапсырыс беру мүмкін болмады, сондықтан табло жұмысы тоқтатылды. Бүгінде табло деректерін техникалық сараптамадан өткізу жұмыстары аяқталып жатыр, одан кейін қаржы бөлініп, конкурс жарияланады", - деді қала әкімдігінің Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі баспасөз хатшысы Әсем Айтолла.
Әкімдіктегілер таблоны қалпына келтіру үшін қанша қаражат қажет екенін айтпады, бірақ жыл соңына дейін жұмыс аяқталады деп сендірді.
Петропавлда ондаған миллионға алынған электрон таблолар жұмыс істемейді
2022-04-15 08:20:23
Последние новости
15.04.2022
С чем нельзя смешивать алкоголь
15.04.2022
Сколько весит стакан воды?
15.04.2022
ЦИТАТА ДНЯ
15.04.2022
Гороскоп на 15 апреля
14.04.2022
Алматыда A-parking директоры қамауға алынды