Қазақстанда азық-түлік бағасы өсе ме – ауыл шаруашылығы министрлігі жауап берді
Ауыл шаруашылығы министрлігі алдағы кезеңде бағаның айтарлықтай өсуін болжамайды. Бағаны тұрақтандыру мақсатында біздің тарапымыздан, мемлекет пен үкімет тарапынан бірқатар шаралар қабылданып жатыр: тұрақтандыру қорларына әлеуметтік маңызы бар өнімдердің қажетті көлемін сатып алу, тауарлық интервенциялар, сондай-ақ «Азық-түлік корпорациясы» резервінен арзанырақ бидайды сату.
Осы орайда, Ауыл шаруашылығы министрлігі әлеуметтік маңызы бар өнімдердің, оның ішінде ұн мен нан бағасының айтарлықтай өсуін болжамайтынын атап өткім келеді.
АШМ Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті директоры Назгүл Хатепова
Бұған дейін ведомство елдегі астық тапшылығы туралы ақпаратты жоққа шығарған болатын. Ауыл шаруашылығы вице-министрінің айтуынша, Қазақстанда 6,4 миллион тонна астық бар және бұл көлем ішкі қажеттіліктерді өтеуге, сондай-ақ астықтың бір бөлігін экспортқа жіберуге жеткілікті.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.