Қазақстан елге келген шетелдіктер туралы ақпарат беру жолдарын кеңейтеді

2022-04-08 12:20:16
ҚР Ішкі істер министрлігі иммигранттар, көшіп келушілер туралы, сонымен қатар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан арқылы транзиттік жол жүруі туралы мәліметтерді қабылдау қағидаларына өзгерту енгізді.

Мұны жүйе пайдаланушылары eqonaq.kz сайты немесе e-Qonag ақпараттық жүйесі арқылы да жасай алады.

«eQonaq» – туристік деректерді жинауға және есепке алуға және көші-қонды бақылауға арналған ақпарат жүйесі. Ол ҚР Ішкі істер министрлігінің көмегімен Мәдениет және спорт министрлігімен туризм саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында жасалды.

Сонымен қатар шетелдіктердің келгені туралы және жалпы ақпаратты ескі әдіспен де жолдауға болады:

қағаз құжат түрінде Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылған мекенжайлар бойынша тікелей ішкі істер органдарына;

«Бүркіт» визалық және көші-қон порталы, vmp.gov.kz немесе tgov.kz веб-сайттары және жеке электрондық цифрлық қолтаңба арқылы.

Құжат Ашық НҚА веб-сайтында 21 сәуірге дейін жарияланған.